Балалар денсаулығы - басты назарда

Рейтинг
28.03.2024, 13:51

2024 жылғы 18 наурызда Өскемен қаласындағы №17 орта мектеп оқушыларының ата-аналары үшін кәмелетке толмағандардың ораза ұстауы  мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Дәріскерлер ретінде отбасылық денсаулық орталығының педиатры,  гастроэнтерологы, дін мәселелерінің зерттеу орталығының теологы және терроризмге қарсы комиссияның қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы сөз сөйледі.

Балалар денсаулығы - басты назарда

Іс-шара барысында балалардың биологиялық даму ерекшеліктері, оттегінің жетіспеушілігі және инсулиннің тамақ пен сұйықтық ішуден алынатын мөлшерінің жеткіліксіздігіне байланысты есінен танып қалу, көктемгі гиповитаминоз туралы айтпағанда, ағзаға қажетті 10-12 сағаттық толыққанды ұйқыдан таң атар алдында ас қабылдау үшін оянуға байланысты психоэмоционалды шамадан тыс жүктемелер туралы ақпарат жеткізілді. Күні бойы балада ұйқышылдық, немқұрайлылық, ағзаға судың жетіспеушілігі, бас ауруы, қозғалысты үйлестірудің бұзылуы байқалады, жекелеген балалар шаршау салдарынан сабақтан сұранады.

Сонымен қатар, тез дайындалатын тағамдарды тұтыну тақырыбы бөлек қозғалды, бұндай тағамдар эндокриндік жүйе тарапынан гипотиреозға, қант диабетіне, гельминтозға (паразиттік аурулар) әкелуі мүмкін, оны емдеу үшін жанама әсерлері бар мысалы, гепатоуытты (бауырға уытты әсері бар) препараттар қолданылады.

Іс-шара соңында ата-аналарға балаларға қатысты сақтық шараларын ұстану, 18 жасқа дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ораза ұстауға ықпал етпеу ұсынылды. Балалар денсаулығы мәселелері бойынша тек медицина қызметкерлеріне хабарласу қажет.

Сұхбат

PhotoRoom