Шығыс Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Рейтинг
20.03.2024, 13:57

Бұл туралы ШҚО ӨКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Нұрбек Тұраров мәлім етті.

Шығыс Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Нұрбек Тұраровтың айтуынша, 600 шақырымның 222 шақырымын құрайтын облыстық маңыздағы жолдарды және өңірдің елді мекендеріндегі 378 шақырым жол мен көшелерді орташа жөндеумен қамту жоспарланған.
- Орташа жөндеу жұмыстары елді мекендер мен туристік нысандарға жақын орналасқан жол учаскелерінде жүргізілетін болады, - деп толықтырды Нұрбек Тұраров.
Бұдан бөлек, 2024 жылы Қалбатау-Майқапшағай, Талдықорған-Өскемен бағытындағы республикалық маңызы бар жолдар және Осинов асуы жолдарын қайта жаңарту жалғасатын болады. Жалпы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар жолдардың кем дегенде 200 шақырымын жөндеумен қамтуды қарастыруда, соның ішінде мына бағыттар бойынша: Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Риддер, Өскемен-Алтай және Өскемен-Семей.
- Жол жөндеуде орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету үшін ШҚО әкімдігі Ұлттық сапа орталығымен шарт жасасты. Өткен жылдың тәжірибесі жөндеу жүргізілгеннен кейін облыстың барлық жолдары тексерілгенде бақылаудың бұл әдісі анағұрлым тиімді екенін көрсетті, - деп атап өтті ШҚО бейінді басқарма басшысы орынбасарының м.а.
Сондай-ақ Нұрбек Тұраров 2024 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының аяқталатынын, оған Көлік министрлігі 29 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Шемонаихадағы Уба арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Алдағы айларда Өскеменде Үлбі арқылы өтетін «Шнайдер көпірін» қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom