Тоқаев тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды

Жаңалықтар
01.09.2020, 12:07

2021 жылы БЖЗҚ 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады

Тоқаев тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды
Фото: ашық дереккөзден

2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты.

«Менің тапсырмамның аясында тұрғындар зейнетақы жинақтарының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұл реформа... тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады. Тұрғын үй мәселелерін өздігінен шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді Президент жолдауында.

Тоқаев 2019 жылғы халыққа жолдауында да Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс екенін айтқан.

Сұхбат

PhotoRoom