Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған ««Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы: жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» атты семинар ұйымдастырылды.
Басты мақсат – азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптары мен қызметкерлердің жер сілкісіні кезіндегі әрекеттерін түсіндіру.
Шарада Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ШҚО инжинері Н.Т. Өтеев жер сілкісіні терминіне анықтама беріп, халықты уақытша орналастыру пунктері, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орынға орналасу орындары жөнінде ақпараттандырды және қауіп-қатер кезінде дайындық сөмкесіне кіретін заттар жөнінде хабардар етті.
Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.