«КИЕЛІ МЕКЕН:  «ШЫМ ҚАЛА» АУМАҒЫН ӘРЛЕДІ

Рейтинг
18.04.2024, 18:04
«КИЕЛІ МЕКЕН:  «ШЫМ ҚАЛА» АУМАҒЫН ӘРЛЕДІ

Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де,  жастар да қатысты. Аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп,  шөп орып,  ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады. 


—Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру  мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы  керек. Қоқысты  қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев. 


«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника,  130-дан астам адам жұмылдырылды.

Сұхбат

PhotoRoom