Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Саясат
02.09.2020, 11:12

Бүгін алтыншы сессияның алғашқы отырысы өтті

Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжілістің алтыншы сессиясының алғашқы жалпы отырысында Айзада Құрманова, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіровтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутаттарға алғысын айтты.

«Құрметті Айзада Амангелдіқызы! Сізге барлық әріптестердің атынан алғыс айтамын. Біз бірнеше жыл бірге жұмыс істеп, көптеген заңдар қабылдадық. Бүгінгі таңда Павлодар облысы әкімінің орынбасары ретінде жаңа жұмысыңыз басталып кетті. Жаңа жұмысыңызға зор табыс пен сәттілік тілейміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, Айзада Құрманова 14 шілдеде Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

26 тамызда заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ректор болып тағайындалды.

Ал, 28 тамызда Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіров Сенат депутаты болып тағайындалып, 1 қыркүйекте Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды.

Сұхбат

PhotoRoom