“ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ АЛАТАУДА ЖАЛҒАСТЫ

Рейтинг
24.04.2024, 10:38
“ЖАСЫЛ АЙМАҚ” АПТАЛЫҒЫ АЛАТАУДА ЖАЛҒАСТЫ

Ешбекші ауданы “Таза Қазақстан” акциясында белсенділік танытуда. Бүгін аудан тұрғындары,  әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы аудан аумағында орналасқан Алатау саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 200-дей адам, 4 техника жұмылдырылған. 


-Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік.  Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде баршамыздың міндетіміз, - дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Әсел Ілияс.


Қалаға сүйіспеншілік қаланың тазалығына атсалысудан басталады. Бұрын қоқыс үйіліп жататын орыннан халыққа жайлы, көк желекті саябақ ашылғанына маңайдағы халық дән риза.

Айта кетейік, Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда. Жалпыхалықтық тазалық акциясының мақсаты - қала тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру, қалалық мүлікке ұқыпты қарауға үйрету, қоғамдық орындардағы дөрекілік пен қоғамға жат теріс мінез-құлыққа тосқауыл қою, вандализмге қарсы қоғамдық сана тәрбиелеу болып табылады.

Игі бастама аясында қазақстандықтар ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін, жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық және мәдени іс-шараларда азаматтық борыштарын көрсетуде.  

Сұхбат

PhotoRoom