Германияда әйел бес баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Әлем
04.09.2020, 14:50

Қылмысты ашуға 40-қа жуық полиция қызметкері жұмылдырылды

Германияда әйел бес баласын өлтірді деген күдікке ілінді
фото: globallookpress.com

Германия полициясы Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінде орналасқан Золинген қаласында бес баланың өліміне қатысты қылмысты тергеп жатыр. Анасы балаларын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Euronews.com хабарлайды.

Полицияға балалардың әжесі хабарласқан соң, тәртіп сақшылары аталған үйді тексеруге келген.

«Балалардың 27 жастағы анасы Дюссельдорфта пойыздың астына түспек болып, жарақат алған. Қазіргі кезде ол ауруханада жатыр, біз болған оқиғаға байланысты одан жауап аламыз», - деді Полицияның ресми өкілі Штефан Вайенд.

Солтүстік Рейн-Вестфалия ІІМ басшысы Херберт Ройль әйелмен бірге оның алтыншы баласы болғанын, 11 жастағы ұл баланың аман екеніндігін айтты.

Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз, қосымша ақпарат әзірге хабарланбай отыр. Күдікті әйелді полиция күзетіп жатыр.

Балалар өліміне не себеп болғаны да белгісіз. Бұл қылмысты ашуға 40-қа жуық полиция қызметкері жұмылдырылған.

Сұхбат

PhotoRoom