Шымкент: Балалар ауруханасы жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Аймақ
01.09.2020, 17:17

Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді

Шымкент: Балалар ауруханасы  жасанды тыныс алу аппаратымен толықты

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасына «КазТрансОйл» АҚ-ы жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар. Бұл жөніне Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан «КазТрансОйл» АҚ-на алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасы - қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.

Сұхбат

PhotoRoom