ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ЖАҢА ӘСКЕРИ КАФЕДРА АШЫЛДЫ

Рейтинг
06.05.2024, 19:31
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ЖАҢА ӘСКЕРИ КАФЕДРА АШЫЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Отан қорғаушылар  күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылды.  Жаңа кафедра ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқытылған  резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық  міндеттерді орындауға бағытталған.  Бастапқыда 100 студентті қабылдаған  кафедрада білім алушылар  саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр.  Сондай-ақ, 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық  құрам,  15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған.  Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлер болып табылады.
 
Мамандар даярлау бойынша арнайы дәрісханалар көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталған. Әр пәнге арналған бағдарламалар мен Силлабустар қазіргі таңдағы ТМД мемлекеттерінде және дүние жүзіндегі қақтығыстарда қолданылып жатқан ұрыс жүргізу тактикаларын ескере отырып  енгізілген. Ал, әскери-есептік мамандықтар штаттық қару-жарақтармен және әскери техникалармен  жабдықталған. Әскери ұрыс жаттығу жиындарына арналған  аумағы бір гектарды құрайтын  қалашықта тактикалық алаң, атыс даярлығы қалашықтары, тағы басқа нысандар көрнекі құралдармен қамтылған. Жаңа әскери кафедраның оқытушы құрамы алдағы әр үш жыл сайын  біліктілік  курсынан  өтіп  тұрады.  Кафедраның ашылу салтанатына белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден,  университет басшылығы мен  оқытушы-профессорлар құрамы,  тиісті сала мамандары қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom