ШҚО-да мас жүргізуші төрт баланы қақты

Аймақ
06.09.2020, 12:30

Бір бала қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

ШҚО-да мас жүргізуші төрт баланы қақты
Фото: polisia.kz

5 қыркүйек күні сағат 18:50-де ШҚО Бородулиха ауданының Новая Шульба ауылында жол-көлік оқиғасы болды. Көлікті мас күйінде жүргізген 31 жастағы Mitsubishi Chelenger жүргізушісі рульді басқара алмай, ойнап жүрген 5, 10, 11 және 12 жастағы төрт баланы қақты. 

ЖКО салдарынан 10 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған кәмелетке толмағандар түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бабы (көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев. 

Қазіргі уақытта автокөлік жүргізушісі ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығына тыйым салу көзделген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сұхбат

PhotoRoom