Қазақстанда құс еті өндірісінің көлемі артты

Экономика
07.09.2020, 11:29

Қатырылған құс етінің өндірісі 8,9 пайызға өсті

Қазақстанда құс еті өндірісінің көлемі артты
Фото: ашық дереккөзден

Құс фермаларында салқындатылған құс етінің өндірісі жылына 26 пайызға, ал қатырылған ет өндірісі – 9 пайызға өсті. Бұдан бөлек, сектордағы импорт көлемі де белсенді жоғарылаған. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлайды.

2020 жылдың қаңтар-шілде айларында жаңа сойылған немесе салқындатылған құс етінің өндірісі 60,5 тоннаға өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 26,2 пайызға жоғары. Қатырылған құс етінің өндірісі де өсті – 8,9 пайыз (66,5 мың тоннаға дейін).

Ақ ет өндірісінің ең көп көлемі Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында шығарылады. Мұнда Алматы облысындағы «Казрос-Бройлер» АҚ, Ақмола облысындағы «Макинка құс фабрикасы» ЖШС және Шығыс Қазақстан облысындағы «Айтас-МП» ЖШС (екі кәсіпорын «Айтас» компаниялар тобына кіреді), Ақмола облысындағы «Capital Projects LTD» ЖШС («Шаңырақ» БК» ЖШС еншілес компаниясы) және тағы басқалары жұмыс істейді.

«Макинка құс фабрикасы» ағымдағы жылдың соңына дейін өндірістік қуаттылығын жылына 25 мыңнан 50 мыңға дейін өсіреді, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашық министрлігінен. Импорт алмастыру бойынша міндеттерді іске асыру аясында Қазақстанда 2020 жылы 8 ет фабрикасы пайдалануға енгізіледі. Бірінші жартыжылдықта екі құс фабрикасы – «Шымкени құс» ЖШС (Түркістан облысы) және «ҚазАгрос» кешені (Қостанай облысы) іске қосылған. Қалған алты фабрика жылдың соңына дейін жұмыс істей бастайды.

Сұхбат

PhotoRoom