Үкімет алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады деп сендірді

Экономика
07.09.2020, 15:55

2020 жылы республиканың автокөлік жолдары желісінің 4 мың шақырымы ашылады

Үкімет алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады деп сендірді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның транзиттік-трафиктік бағыттағы позициясын ұстап қалу үшін бірқатар шара қабылданады. Бұл туралы вице-премьер Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз отырысында айтты.

«Транзиттік-трафиктік позицияларды ұстап қалу үшін біз қызмет көрсету, тасымалдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Осы мақсатта Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамыту одан әрі жалғасады. 2020 жылы республиканың автокөлік жолдары желісінің 4 мың шақырымы ашылады», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстандағы қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының үлесі қазір 90 пайызды құрайды.

«2025 жылы республикалық автокөлік жолдарының 100 пайызы қалпына келтіріліп, жаңартылады. Одан бөлек, сервистік инфрақұрылымды құру жұмыстары аяқталады», - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom