КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Рейтинг
11.05.2024, 17:47
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.

Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.

2024 жылы бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіледі және 12 мамырға тұспа-тұс келеді.

Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал етуге ықпал ете отырып, оң әлеуметтік әсер күтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл–ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өткен.

12 мамыр – Аналар күніне орай, бүгін Тұран ауданындағы батыр аналарымызға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды. 

Барша аналарымызды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Сұхбат

PhotoRoom