Қазақстанда балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскен

Құқық
08.09.2020, 13:35

Алайда жәбірленшулердің саны өскен жоқ

Қазақстанда балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскен
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде балаларға жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс 8 пайызға өскенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Балаларға жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс былтырмен салыстырғанда 8 пайызға өсіп отыр. Оның себебі бар. Мысалы, кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 1 жәбірленушіге қатысты 60 қылмыстық іс қозғалады. Бұл да өз әсерін тигізіп отыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Марат Ахметжанов бұл қылмыс түрі үшін жаза күшейгенін атап өтті.

«Егер жабық мекемелерде, интернаттардағы қызметкерлер, дәрігерлер балаларға жасалған жыныстық сипаттағы фактілерді жасыратын болса, оларды да қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздегеміз. Ол өз әсерін беріп отыр. Бұл қылмыс 8 пайызға өсіп отыр. Бірақ бұл тек эпизодтар бойынша. Алайда жәбірленшулердің саны өскен жоқ», - деді Марат Ахметжанов.

Сұхбат

PhotoRoom