КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Рейтинг
16.05.2024, 19:13
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берілген болатын. Өңдеу өнеркәсібінің экспортын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру бағытында қаламыздың өнеркәсіп көлемі жыл аяғына дейін 711,5 млрд теңгеге жетеді, өндірілген өнімнің 87%-ын өңдеу өнеркәсібі құрайды. Қаладағы 4 өндірістік аймақта 118 жоба жүзеге асып, 21 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны артып отыр.


Үшінші шаһарда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды өндірумен айналысатын 
«Эко фарм» ЖШС көпшілікке кеңінен таныс. Жобаға салынған инвестицияның жалпы құны 1,925 млрд теңгені құрап, 200-ге жуық адам жұмыс орнымен қамтылған. Кәсіпорындағы «Ecotex» тігін өндірісі медициналық арнайы киімдерді шығарады. Сонымен қатар мұнда вакуумды  пробир­каның 57 түрi шығарылады. Бұл жүйе ТМД ел­дерінің ішінде алғаш рет біздің елде ашылды. Қазір әлемдегі емдеу мекемелерінің 65 пайызы вакуумдық жүйені тиімді қол­да­на­ды. Бұл ашық жүйеге қарағанда ешқандай қосымша дәрігерлік тексерілуді талап ет­пейтін, ха­лық­аралық стан­дарттарға сай жаңа технология болып табылады. 


“Эко-Фарм Интернейшнл” өнiм­де­рін сатумен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры айналысады. Бүгiнгi таңда 16 миллион дана тауарға сұраныс бар дейді мамандар. Кәсіпорын негізінен Оңтүстік Корея, Германия және Австрия елдерінен әкелінген жоғары сапалы ме­дициналық құ­ралдармен жабдықталған. Компанияның атқарушы директоры Гүлзия Жүзенованың айтуынша, аталмыш кәсіпорын тек жергілікті емес сонымен қатар көршілес қала, ел арасында сұранысқа ие әрі ең сенімді серік болатынын тілге тиек етті. 


Мемлекет басшысы Еліміздегі кәсіпкерлікпен айналысатын компаниялардың төрттен бірі ғана ашылғаннан кейін екінші жылы нарықта қалатынын өз жолдауында айтқан болатын. Салыстырар болсақ, бұл көрсеткіш басқа елдерде 70-80 пайызға тең. Көп жағдайда бұл Қазақстандағы бизнес-ахуалдың әлі де жетілмегенін көрсетеді. Бірақ мұның басқа да аспектілері бар. Мәселен, қазіргі жағдайда көптеген ел ішкі нарықты қорғау және қолдау шараларын белсенді қолданып жатыр. Осы озық тәжірибені батыл әрі кеңінен меңгеруіміз керектігін айтқан Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы тапсырма жүктеді.


Бұдан бөлек, Президент биліктің бизнеске жақын болып, оны жан-жақты қолдау шараларын қайта қарауды тапсырды. Әрі заңсыз актив иелеріне соңғы мүмкіндік жасап, экономикаға қаржы құюға шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom