Атырау әуежайынан ұшып шыққан Flyarystan әуе кемесі қайта қонуға мәжбүр болды

Жаңалықтар
09.09.2020, 09:52

Авиация комитеті мәселенің мән-жайын түсіндірді

Атырау әуежайынан ұшып шыққан Flyarystan әуе кемесі қайта қонуға мәжбүр болды
Фото: ашық дереккөзден

7 қыркүйекте FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Атырау – Алматы бағыты бойынша рейсті орындау кезінде «авиациялық салқындату клапаны жұмыс істемейді» деген дабыл іске қосылды.

«Экипаж барлық тиісті шараларды қабылдағанмен, бұл ұшудағы ақауды қалпына келтіруге көмектеспеді, мұндай жағдайларда әуе кемесі ұшу эшелонынан он мың футтан аспайды. Осыған байланысты ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылданды және ұшақ штаттық режимде қондырылды», - делінген хабарламада.

Одан кейін инженерлік-техникалық құрам деактивациялау шарасын өткізіп, артынан әуе кемесі Алматы қаласына ұшып кетті. Комитеттің хабарлауынша, бұл оқиға тексеруге жататын авиациялық инциденттер тізбесіне жатпайды (авиациялық оқиғаларды тексеру қағидаларының 25 және 26-қосымшалары).

Еске сала кетейік, FlyArystan - Қазақстан тарихындағы бірінші лоукостер.

Сұхбат

PhotoRoom