Мамин коронавирустың ықтимал екінші толқынына байланысты Үкімет мүшелеріне үш міндет жүктеді

Жаңалықтар
09.09.2020, 11:10

Бұл туралы премьер-министр Үкімет отырысында айтты

Мамин коронавирустың ықтимал екінші толқынына байланысты Үкімет мүшелеріне үш міндет жүктеді
Фото: informburo.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин әлемдегі эпидемияның тұрақсыздығын ескеріп, вирустың қайтадан өршу мүмкіндігіне дайындық жұмыстарын жалғастыру керегін айтты. Кейбір шектеу шараларын жалғастыру қажет екенін айтқан премьер-министр Үкімет мүшелеріне нақты үш тапсырма берді.

БІРІНШІ. Өңірлердің әкімдері эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстасын, барлық санитариялық нормаларды қатаң сақтасын. Вирустың таралуы мен ауру жұқтыру көрсеткіштерінің өзгеруіне қарай жедел әрі нақты әрекет етсін. Инфрақұрылымды дайындау шараларын қабылдасын және барлық сатыдағы медицина жұмыскерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.

ЕКІНШІ: Денсаулық сақтау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге халық арасында профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды.

ҮШІНШІ: Цифрлық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктерімен бірге халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін.

Сұхбат

PhotoRoom