Қазақстанда балаларды қашықтан оқыту әлі жалғасады – Үкімет

Әлеумет
10.09.2020, 12:17

Үкімет мүшелері карантин жағдайында басталған жаңа оқу жылының алғашқы аптасын қорытындылады

Қазақстанда балаларды қашықтан оқыту әлі жалғасады – Үкімет
Фото: elements.envato.com

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуысмен коронавирус инфекциясына байланысты 2020-2021 жылдардағы оқу жылын ұйымдастыруға қатысты брифинг өтіп жатыр.  Вице-премьер Ералы Тоғжанов дәл қазір басты мақсат балалар мен қоғамды вирустан сақтау екендігін айтты.  

«Бүгін біз карантин аясында өткен жаңа оқу жылының бірінші аптасының қорытындысы туралы ақпарат береміз. Балалардың білімі өте маңызды. Дегенмен олардың денсаулығы басты назарда. Мектептердің жұмысын қашықтан оқытуды туралы шешім алдымен балалардың, ұстаздардың денсаулығын барынша сақтау мақсатында туындап отыр. Балалар коронавирусты жеңіл көтерсе де, олар айналасына вирус таратушы болуы мүмкін. Сіздерге әлі де балаларды қашықтан оқыту қажеттігін ескертеміз. Естеріңізге сала кетейін, мамыр айында карантиннен кейін балабақшалардың кезекші топтарын ашқанда, балалар арасында да корнавирус көп тіркеле бастады. Вирустың таралу тізбегін ескерсек, қоғамда тез тарайды. Баладан сыныпқа, сыныптан ұжымға, ұжымнан қоғамға вирус тарала береді», - деп ескертті Ералы Тоғжанов.

Вице-премьердің айтуынша, қазір Қазақстанда эпидемологиялық жағдай тұрақалған. Ауруханадағы төсек-орындар алты есеге, жедел жәрдем шақыруы 5,5 есеге азайған. Науқастардың 99%-ы сауығып, аман-есен үйіне оралған.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан оқыту форматында жалғаса беретінін айтты.

«Оқушылар үшін бірінші тоқсан қашықтан оқыту форматында қалады. Дәстүрлі оқыту форматына оралу мәселесіне қатысты алдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ведомствоаралық комиссияға ұсыныс жасаймыз»,-деді Алексей Цой.

Сұхбат

PhotoRoom