Қазақстанда 2,6 млн оқушы қашықтан, 800 мың оқушы дәстүрлі форматта оқып жатыр

Жаңалықтар
10.09.2020, 12:50

Елімізде оқушылардың 24%-ы дәстүрлі форматта оқып жатыр

Қазақстанда 2,6 млн оқушы қашықтан, 800 мың оқушы дәстүрлі форматта оқып жатыр
Фото: sputniknews.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі және қашықтан оқу форматы туралы туралы айтты. Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 2,6 млн оқушы қашықтан оқу форматында, 800 мың бала дәстүрлі форматта оқып жатыр.

«Кезекші сыныптарда 547 мың бала оқып жатыр. Бұл контингенттің 16%-ы кәдімгідей мектепке барып, сабақтарын жалғастырып жатыр деген сөз. 250 мың бала 180-ге жуық мектепте дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл контингенттің 7,3%-ы. Жалпы, оқушылардың 24%-ы дәстүрлі түрде оқып жатыр деп айта аламыз», - деді министр.

Еліміздегі шалғайдағы, ауылдағы орналасқан 7 мың мектептің 3 мыңы дәстүрлі форматта оқуды жалғастырып жатыр. Балабақшаларға, кезекші топтарға балалардың 30%-ы қатысып жатыр.  

«Оқыту үшін уақытша 435 мың компьютер берілді. Жақында 300 мыңнан астам мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. Күніне орташа есеппен 2 млн-дай сабақ жүргізіледі. Күн сайын онлайн-платформалардан 70-80 млн рет сабақтар қаралады. Қашықтан оқытуға 70 миллион доллар жұмсалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді министр.

Сұхбат

PhotoRoom