ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Рейтинг
21.05.2024, 15:39
ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЗАМАН ТАЛАБЫ


Шымкент қаласы мегаполис атанғалы халық саны артып сәйкесінше ластану деңгейі де жоғары қалалардың қатарына жатады.  Нақты өлшеммен айтар болсақ мегаполис тұрғындары күніне 750 тоннадан астам қалдық шығарып жатқаны алаңдайтын жағдай. 

Дамыған елдерде қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату мәселесі оң шешілген. Біздің елде де осы тақырып төңірегінде көптеген ұсыныстар сөз болып, соңғы уақытта бұл салада алға ілгерілеу байқалады.

Бүгінде стихиялық полигондар саны азайып, қоқыс полигондары жаңғыртылуда. Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратумен 12 ұйым айналысады. Қалада тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтар, пакеттер, пластмасса, картон және қағаз сатып алынатын бір алаң ұйымдастырылған.

2015 жылдың наурыз айында іске қосылған "Ақтас-1" қоқыс полигоны жұмыс істейді. Ауданы 34 гектар полигон тәулігіне 550-600 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға қабілетті. 29 гектарға қоқыс полигондары және 5 гектарға қоқыс өңдеу зауыты орналасқан. Қазіргі уақытта мұнда тұрақты негізде 70 адам жұмыс істеуде.
Барлық санитарлық талаптарға жауап беретін нысан бүгінгі күні "Гринлайн" ЖШС меншігінде. Зауытта қалдықтар өңдеудің барлық түрлері бойынша сұрыпталады. Сонымен қатар, қайта өңделетін қалдықтардың санын көбейту үшін қайта өңдеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сұрыпталған және қайта өңделген полиэтилен және пластикалық бөтелкелердің қалдықтарынан химиялық шикізат алынады.
Сонымен бірге қоқысты қайта өңдеу инфрақұрылымы біртіндеп қалыптасуда, оның негізгі құрамдас бөлігі қоқыс өңдеу зауыты болуы керек.

Қазіргі уақытта испан, қытай, неміс, корей және түрік инвесторлары тарапынан Шымкент аумағында қоқыс өңдеу зауытын салу туралы ұсыныстар келіп түсуде. Қытай және түрік компаниялары өртеу зауытын салуды ұсынды, ал неміс компаниясы полигон салу үшін заманауи материалдарды ұсынды. Ал испандық "Auditores energeticos afn (aen)" компаниясы тұрмыстық қалдықтарды терең өңдеу технологиясын енгізуді ұсынады.

Алайда, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату кезінде алынатын электр энергиясына белгіленген тарифтің болмауына байланысты, өртеу зауытының құрылысы инвестор үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Бүгінде әлем бойынша 2 мыңға жуық қоқыс жағу зауыты бар, олардың көпшілігі ЕО, АҚШ және Жапония елдерінде орналасқан.

Сұхбат

PhotoRoom