ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Рейтинг
22.05.2024, 11:32
ҚАЛА ӘКІМІ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Үшінші мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесудегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстар, кенеге қарсы санитарлық өңдеу шаралары талқыланды.

Қаратау ауданының әкімі Рахманберді Мүлкеманов халықпен кездесулерде көтерілген жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылым, көгалдандыруға қатысты мәселелердің шешімін жеткізді. Ғабит Сыздықбеков халықпен кері байланысты нығайтып, көтерілген мәселелер мен арыз-шағымдарды дер кезінде оңтайлы шешуді тапсырды.

Жиын барысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаевтың су айдындарындағы қауіпсіздікті қамту бойынша атқарылған жұмыстары бойынша баяндамасы тыңдалды. Осы орайда жауаптыларға қауіпті су айдындарында арнайы белгілер орнату және қала аумағындағы барлық субұрқақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев кенеге қарсы санитарлық өңдеу шараларына қатысты жұмыс легін баяндады. Сала басшысына бұл ретте саябақтарды залалсыздандыру жұмысын тиісті дәрежеде атқару тапсырылды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 142 мыңнан аса адам, 962 өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 603 әлеуметтік нысан қатысып, 6311 бірлік техника жұмылдырылды. Науқан барысында 6 мың шақырымнан астам көше, 5 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 5671 тонна қоқыс шығарылды.

Қала әкімі тиісті сала басшысына тазалық жұмыстарын тоқтатпай, алдағы уақытта да осы бағыттағы шараларды жүйелі атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халыққа берілген барлық уәделерді дер кезінде орындау қажеттігін ескертті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Осы бағытта Шымкен қаласын гүлдендіру мақсатында кешенді жоспар түзіліп,ауқымды жұмыстар атқарылды. Дегенмен 5 аптаға созылған тазалық жұмыстары науқандық акция ретінде ғана емес, әрмен қарай да жалғасатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom