«Сирияға қару сатып жүр»: Бекболат Тілеухан өзін айыптағандарға жауап берді

Құқық
11.09.2020, 16:18

Мәжіліс депутаты абырой-беделіне нұқсан келтіргендердің үстінен шағым түсірген

«Сирияға қару сатып жүр»: Бекболат Тілеухан өзін айыптағандарға жауап берді
Фото: sputniknews.kz

Тоқтар Жақаш есімді журналист әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда белгісіз бір адам Ресейге қару өткізгенін, бұған Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның қатысы барын айтады.

«Бекболат Тілеухан Сирияға қару сатып жүр ме? Мына видеода қару саудасына шатылған жігіт құзырлы орындардың қолына түсіп, біраз құпияның бетін ашты! Ресей әскери бөлімшесінен сатып алған қару-жарақ мүмкін, Сирияға кетіп жатқан шығар? Депутатымыз осындай болса, болашағымыз тіпті қорқынышты екен! Егер, менің отбасыма, бала-шағама, туған-туыстарыма қастандық жасалса, оған тек осы видео ғана себеп болуы мүмкін!», – деп байбалам салды Тоқтар Жақаш.

Бүгін осы мәселеге байланысты Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өзі жауап берді.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді. Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші - видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім», - дейді депутат.

Сондай-ақ Бекболат Тілеухан жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұраған.

Сұхбат

PhotoRoom