3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында "Жер-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.
"Жер-2024" өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетілетін болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі