«Жынымды келтірмеңдерші» деген шенеунік жаңадан құрылған агенттікке төраға болды

Жаңалықтар
14.09.2020, 13:26

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

«Жынымды келтірмеңдерші» деген шенеунік жаңадан құрылған агенттікке төраға болды
Фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайынды.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Серік Жұманғарин 2019 жылдың ақпанында Қазнетте «Жынымды келтірмеңдерші» деген сөзімен танымал болды. Ол кезде Ұлттық экономика вице-министрі болған шенеунік журналистердің біріне дөрекі сөйлеген видеосы тарап кетті.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңадан құрылған агенттікке тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілмек.

Сұхбат

PhotoRoom