Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді

Рейтинг
25.05.2024, 15:30

Ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының құрылғанына 50 жыл толуына орай өткен «Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жолын жобалау» атты 8-ші симпозиумға қатысты.

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді

Оған әлемнің 60-тан астам елінің халықаралық ұйымдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының өкілдері қатысты.

Конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы заманауи сын-қатерлер, істерді тергеу және жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде жаңа ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану, жемқорлыққа қарсы білім беру және ағарту мәселелері, жастардың жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге тартылуы талқыланып, жемқорлыққа қарсы күрестегі озық тәжірибелер таныстырылды.

Конференция аясында Агенттік Төрағасы А. Жұмағали Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз Комиссиясының басшысы Дэнни Ву мырзамен кездесті. Тараптар одан әрі ынтымақтастықты ілгерілету мәселесін талқылады.

Кездесуде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы таныстырылып, құқықтық көмек көрсету, активтерді қайтару, адамдарды іздестіру, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мен сатып алу мониторингі, жасанды интеллектті қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа технологияларды енгізу мәселелерінде әріптестікті нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Комиссияның шақыруы бойынша еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына ресми түрде енді.

Бұл шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ озық тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етеді.

Одан бөлек, Антикор Төрағасы А. Жұмағали симпозиум аясында Венадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Гада Валимен, БҰҰ ЕҚБ бөлімшесінің басшысы Бригитта Штробель-Шо ханыммен, сондай-ақ Малайзия, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Кореяның жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшыларымен кездесулер өткізіп, алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Сұхбат

PhotoRoom