Өткен жылы Қазақстанның экономикасы 5,1 пайызға артқан

Рейтинг
31.05.2024, 19:16

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров Сауд Арабиясы корольдігінің инвестиция министрі Халид Әл-Фалихпен кездесіп, “Орталық Азия және Парсы шығанағы” инвестициялық форумға қатысты.

Өткен жылы Қазақстанның экономикасы 5,1 пайызға артқан

Аталған пікірталасқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері шақырылып, форумда Орталық Азия елдеріне инвестиция көлемінің артқаны хабарланып, көлік және логистика, минералдар мен энергетика және  қаржы салаларында ынтымақтастықты нығайту талқыланды.

Елімізде пандемия салдарына қарамастан, өткен жылы Қазақстанның экономикасы 5,1 пайызға артқан, ал 2029 жылға жалпы ішкі өнім көрсеткішін 2 есеге арттыру жоспарлануда.

Одан бөлек, Ренат Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының артықшылықтарымен таныстырып, ондағы компанияларға аталған орталық арқылы еліміздің нарығына шығуды ұсынды.

Кездесу соңында бірлесе жұмыс жасауға шақырып, қазіргі таңда Парсы шығанағының 35-тен астам компаниялары аталған Орталықта бизнестерін жүргізіп отырғанын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom