“AMANAT” партиясы “Бақытты отбасы” жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар легін бастап кетті. Бүгін “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев, Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов және саяси бөлім меңгерушісі Ербол Байқонысов 495 төсек орынға арналған көпбейінді қалалық балалар ауруханасына барып, онда емделіп жатқан бүлдіршіндерді мереке қарсаңында құттықтады. Ең құнды сыйлық - кітап сыйлап, ойыншықтар мен жеміс-жидектер тарту етті. Балалардың анасы көрсетілген көңілге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
- Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Әрқашан балалар аман болсын! - деді Ж.Бектаева.