Екі ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойылды

Рейтинг
01.06.2024, 15:19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали  Әзірбайжанға жұмыс сапарында аталған елдің Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Екі ел арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы меморандумға қол қойылды

Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тергеу және жедел ақпарат алмасу, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру, жемқорлыққа қарсы қызметте цифрландыру және заманауи технологияларды пайдалану бойынша әріптестікті арттыру келісілді.

Одан бөлек, халықаралық ұйымдардың жұмысына белсенді қатысудың, жемқорлыққа қарсы күресте озық тәжірибе алмасудың маңыздылығы талоқыланды.

Іс-шараның нәтижелері бойынша жемқорлықтың себептері мен салдарын талдауды тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік беретін талдамалық деректермен алмасу тәжірибесін бастау ұсынылды.

Сұхбат

PhotoRoom