МАСАҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Рейтинг
05.06.2024, 11:17
МАСАҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ауа райы жылынып, күн ысыған сәттен маса мен шіркей қаптап кететіні бар. Осы ертте қала әкімдігі масаларды улау науқанын бастап кетті. Су айдындары аумағында масаларды дезинфекциялау және жою шаралары жүргізілуде. Аталмыш шараларға биыл қала бюджетінен 101 109,7 мың теңге қаржы қаралған.


Масаларға қарсы жылына 4 рет (маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі мүмкін) 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, су қоймасы аумағын,  2 377 495 шаршы метр саябақтар аумағын, 1 223 666 шаршы метр гүлзарлар мен аллеялар аумағын залалсыздандыру жоспарланған.


Шаһардағы жалпы саны 45 гүлзар мен аллеялар, 12 саябақ, 35 өзен, каналдар, 2 су қоймасы аумағына масаларға  қарсы  залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.  Қазіргі таңда жалпы аумағы 117 га құрайтын «Дендро саябақ» аумағы масаға қарсы залалсыздандырылуда. Аталған жұмыстарды мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жеңімпаз болып танылған «SATTI TULIK» ЖШС іске асыруда.


Айта кету керек, бұл шаралар қаладағы жәндіктердің санын едәуір азайтуға көмектеседі, бірақ олар экожүйенің бөлігі масалардың көбеюін толығымен жоя алмайды. Сондықтан дәрімен улау тәсілі қолданылады. Мамандардың айтуынша, себілетін дәрілердің адамға зияны жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom