Ақмола облысында контрабандамен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді

Құқық
17.09.2020, 17:31

10 адам ұсталып, техникалық құралдар тәркіленді

Ақмола облысында контрабандамен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді
скриншот: youtube

Ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлері Ақмола облысындағы кәсіпорындарындан шикізат ұрлаған бірнеше ұйыдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар алдымен шикізатты жасырын шағын цехтарда өңдеп, содан соң елден шығарып отырған.

Арнайы операция барысында полицейлер ірі контрабанда жолын кесіп, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген.

Сұхбат

PhotoRoom