«Орталық Азия-Қытай» форматы аясындағы ынтымақтастық талқыланды

Рейтинг
08.06.2024, 13:59

«Орталық Азия-Қытай» форматындағы хатшылығының қызметі мен осы бағыттағы ынтымақтастық туралы Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «ОА-Қытай» форматы Хатшылығының Атқарушы директоры У Инцинмен кездесуде талқылады.

Кездесуде өзара тиімді жобаларды іске асырудың практикалық мәселелеріне баса назар аударылып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

Айта кету керек, өткен жылы аталған елдер мемлекет басшыларының саммитінің қорытындысы бойынша «Сиань декларациясына» қол қойылып, ағымдағы жылы «ОА-Қытай» форматындағы Хатшылықтың ашылу салтанаты өтті.

«Орталық Азия-Қытай» форматы аясындағы ынтымақтастық талқыланды

Одан бөлек осы аптада Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының (БАФ) жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Чжан Цзюньмен кездесіп, еліміздің БАФ-та өкілдігін кеңейту, бірлескен іс-шаралар өткізу, экономикалық дамудың негізгі бағыттары мен мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Чжан Цзюньді БАФ-тың Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Чжан Цзюнь еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл өткен БАФ-тың 23-сессиясына қатысуын жоғары бағалап, еліміздің халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталды.

Аталған сессияда Президент алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрайтынын айтқан болатын.

Кездесу соңында 2025 жылы БАФ мерейтойлық іс-шараларын өткізу жоспарлары талқыланды.

Айта кету керек, Боао азиялық форумы - аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуына ықпал етуге арналған үкіметтік және коммерциялық емес халықаралық ұйым.

Сұхбат

PhotoRoom