Министрлік құс тұмауына қарсы үш облыста вакцинация жүргізеді

Аймақ
18.09.2020, 11:17

Әзірге құс тұмауы ушыққан СҚО-дағы құс фабрикаларында құс өлімі тіркелмеген

Министрлік құс тұмауына қарсы үш облыста вакцинация жүргізеді
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі.

«Құс тұмауы қоздырғышы республиканың басқа өңірлеріне тарап кету қаупін болдырмас үшін ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының РФ шекаралас аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір аудандарында вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 км радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жеке аулаларда үй құстарын вакцинациялау көзделген.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының құс фабрикаларында құс өлімі фактілері тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында (Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев) биылғы 9-16 қыркүйек аралығында әртүрлі үй құстарының өлімі тіркелді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны құс тұмауы деп реми түрде мәлімдеп, ДДСҰ-ны хабардар етті.

Сұхбат

PhotoRoom