Қазақстандық дипломат Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

Рейтинг
10.06.2024, 20:19
Қазақстандық дипломат Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті

Дипломатилық миссияның аяқталуына орай Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Ерлан Байжанов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен кездесті.

Кездесу барысында С. Алейник қазақсандық дипломатқа екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, саяси байланыстарды жандандырып, сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың оң динамикасы айтылып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдары қарастырылды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып Тимур Жақсылықов тағайындалған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom