Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 35 798 оқушы компьютермен қамтылды

Аймақ
17.09.2020, 10:05

Алынған компьютерлер мұқтаж оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі

Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 35 798 оқушы компьютермен қамтылды
Фото: ашық дереккөздерден

Шымкентте қашықтан білім беру жағдайында 222 050 оқушының 80 780-не (36,3%) компьютерге тапшылық анықталды. 80 780  оқушы, яғни, 37 873 – компьютерге мұқтаж, 42 907-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары.

Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы қамтылды.

Үкімет қорынан және жергілікті бюджеттен алынатын 36 355 компьютерлік құрылғы есебінен қалған 44 982 бала қамтылады. Алынған компьютерлер мұқтаж оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі.

Биыл шілде айында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы отбасы балаларының саны 35 798-ді құраса, бүгінгі таңда аталған санаттағы балалар саны  – 42 907. 

Қазіргі таңдағы компьютер саны – 20 201. Қосымша сатып алынатын компьютерлік құрылғы саны – 36 355              

Сұхбат

PhotoRoom