Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның бірқатар компания басшыларын қабылдады

Рейтинг
13.06.2024, 11:22
Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның бірқатар компания басшыларын қабылдады

Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инді, Doosan Group компаниясының төрағасы Чжеонг Вон Пак пен Doosan Enerbility басқарма төрағасының орынбасары Ён Ин Чонгты, KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті жеке-жеке қабылдады.

Бірнеше компаниялар кіретін BNK Financial Group Inc-тің активі 129 млрд доллар, ал таза табысы – 504 млн долларды құрайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы компанияның иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін қолдап, бұл рәсімнен кейін күшті корпоративтік несие беруге жұмылдыруға шақырды.

KIGAM басшылығымен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев литий өндірісін өңдеу, дайын өнім шығарудың маңыздығын талқыласа, SK Ecoplant компаниясы өкілімен кездесуде қалдықтарды игеру және су тазалау бағытындағы инновациялық тәсілдеріне жоғары баға берді.

Doosan Group компаниясының жетекшілерімен кездесуде ел Президенті су тасқыны кезіндегі корей компаниясының көмегіне алғысын білдіріп, Түркістан облысында қуаты 1 ГВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылу барысын, Атырау облысында «Қарабатан» газ турбиналы электр станциясын кеңейтуге қатысу перспективалары талқыланды.

Сұхбат

PhotoRoom