Қазақстандық дипломат «Шыңжаңның тарихы мен болашағы» атты халықаралық форумға қатысты

Рейтинг
16.06.2024, 15:35
Қазақстандық дипломат «Шыңжаңның тарихы мен болашағы» атты халықаралық форумға қатысты

 Шыңжаң мәдениеті мен тарихын жақсы түсіну үшін халықаралық алмасулар мен бірлескен зерттеулерге ықпал етуге бағытталған Қашғар қаласында өткен (ШҰАА) «Шыңжаңның тарихы мен болашағы» атты халықаралық форумға Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев қатысты.

Елші ашылу салтанатында сөз сөйлеп, Қазақстан-Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа, сонымен қатар  еліміздің Шыңжаңмен әріптестігіне тоқталып, ШҰАА аумағындағы 1,6 млн этникалық қазақтың екіжақты стратегиялық әріптестікті нығайтуда «алтын көпір» ретінде үлес қосып отырғандықтарын атап өтті.

Халықаралық форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Австралия, Мысыр, Германия, Мажарстан, Италия, Ресей, АҚШ, Моңғолиядан 170-тен астам халықаралық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Одан әрі қазақ делегациясы «Қашғар паркі» экономикалық даму аймағында болып, сауда-экономикалық жағдайымен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын қарастырды.

Айта кету керек, Қашқар ауданы Шыңжаңның сыртқы саудасында маңызды орынға ие.

Сұхбат

PhotoRoom