Індеттен қайтыс болған 24 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Әлеумет
21.09.2020, 15:07

Коронавирус жұқтырған 1,7 мыңнан астам дәрігер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Індеттен қайтыс болған 24 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
фото: azattyq-ruhy.kz

21 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1727 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 24 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (393) және Алматы (373), Шымкент қалаларының (102), Қарағанды (115) облысының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom