Шымкентте еліміздің үшінші қаласы ретінде креативті индустрияның бес басым бағытына баса назар аудартуда. Ол: кино және анимация, дизайн және сән, IT және ойын әзірлеу, сондай-ақ қолөнер мен музыка саласы.
Шым шаһар орналасу ерекшелігіне қарай көршілес Өбекстан және Қырғызстан елдерімен байланыстыратын оңтүстіктегі негізгі қаласы десек артық айтқанымыз емес. Дәл осы географиялық ерешелік шаһардың туристік саласын дамытуға негіз әрі бәсекелестік артықшылықтары да жоқ емес.
Қазіргі уақытта қалада кәсіпкерлерді қолдаудың «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. «Іскер қала» - кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Онда өндірісті дамыту үшін өндірістік парктер құру, сауда орындарын көбейту, ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету және жеңілдетілген несие бөлу секілді қолдаулар қарастырылған. Ол кәсіпкерлерді 5 жылға дейінгі мерзімге 10 млн теңгеге дейінгі сомаға 1% - бен несие қарастырып, кәсіпті дамытуға септігін тигізбек. Бағдарлама шеңберінде ғимарат үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау арқылы креативті индустрия субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Осы бағыт бойынша 2024 жылы шығармашылық хаб ашу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның алдағы экономикалық-әлеуметтік және саяси бағытындағы даму жолын белгілеп берді. Қордаланған проблемалардың шешу тетіктері мен алдағы жоспарларды айқындаған Президент шағын және орта кәсіпкерліктің мәселесіне айрықша тоқталды. «Ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты — айқын. Бұл — заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту» деген еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Тұтастай алғанда, креативті экономиканың тиімді дамуы материалдық емес құндылықтарды құруға, адамға бағытталған тұрақты дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі, экономиканы әртараптандыруға, өмір сүру сапасын арттыруға, жергілікті экономиканы, туризмді дамытуға ықпал етеді.