КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКА ҮДЕРІСІ

Рейтинг
24.06.2024, 11:09
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЭКОНОМИКА ҮДЕРІСІ

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп – жылдан-жылға кәсіпкерлерге қолайлы бағдарламалар республика деңгейінде іске асып жатқанын айтуға болады. Мемлекет басшысы соңғы жолдауында: «Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе» деп атап көрсеткені бекер емес. Бұл кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің басты критериі десек те болады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде қолдау үшін ең алдымен шағын кәсіпкерлікті қолдау тетіктерінің жұмыс істеу негіздерін құру қажет. Шағын бизнес өкілдеріне мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және басқа ресурстармен, оның ішінде ғылыми-техникалық әзірлемелермен және технологиялармен пайдаланудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шартының бірі. Сонымен қатар,  шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді, қызметте лицензия алуды, өнім сертификаттарын алуды оңайлату шараларын да ұмытпаған жөн. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін, атап айтқанда, басқа қалалармен, шет елдермен сауда, ғылыми-техникалық өндірістік және ақпараттық байланыстарды дамытуға ықпал ету арқылы осы саланы алға ілгерілетудің бір тәсілі. Біздің елде жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік қарастырылған.
2024 жылдың алғашқы үш айында Шымкентте 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (21 мың заңды тұлға, 102,2 мың жеке тұлға, 6,8 мың фермер қожалығы) жұмыс істеп келеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% - ға өскенін көрсетіп отыр.
Шағын және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны 227,5 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8% - ға өскен.
Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 49,2% - ға жетті. Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдауға 21,05 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен -18,65 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен - 2,4 миллиард теңге қарастырылған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік құрылымдар тарапынан 2 256 жобаны (оның ішінде 150 жаңа жобаны) қаржыландыру қолдау тапты. Соның ішінде:2022-2024 жылдарға арналған "Іскер Қала" іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылға арналған міндеттемелерді өтеуге арналған бюджеттен 174,3 млн.қаржы қарастырылған.

Сұхбат

PhotoRoom