Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Аймақ
25.09.2020, 11:06

Президент қоғам қайраткерлерімен бірқатар кездесу өткізеді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
фото: кадрдан үзінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған», - деп хабарлайды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Сұхбат

PhotoRoom