ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Рейтинг
24.06.2024, 17:10
ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Инвестициялық жобаларды тарту тұтастай алғанда елдің де, оның жекелеген өңірлерінің де экономикалық дамуының қозғаушы факторларының бірі болып табылады.

Экономикаға инвестициялар тарту басым міндет болып табылады, Өйткені олар экономикалық өсуге, технологияларды жаңартуға және қызметкердің кәсіби қасиеттерін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тақырыбына терең тоқталып, өңірлерге тапсырма жүктеді. «Негізгі капиталға салынған инвестицияның ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі азайып барады. Бұл күрделі жағдай деуге болады. Себебі экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатыр. Соның салдарынан алдағы жылдары елдің даму қарқынын сақтап тұрудың өзі қиын болуы мүмкін. Сондықтан ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек» деді ол.

Осы орайда, Президент қол қойған Жарлық негізінде Шымкент экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту үшін ашылған "Shymkent Invest" фронт-офисі жұмыс жасауда. Ұйым Шымкент қаласының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба идеясының пайда болуынан бастап оны пайдалануға беруге дейін жан-жақты жәрдемдесуді жүзеге асырады. Мамандар экспортқа шығу бөлігінде, сондай-ақ дамуға қаржыландыру алу бөлігінде кейінгі қолдау көрсетеді. Фронт-офистің инвесторларды тарту және сүйемелдеу, сондай-ақ инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылуда. Срндай-ақ, "Shymkent Invest" ЖШС мен Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу үшін кеңседе тұрақты негізде прокуратура қызметкері бекітілді.

Айта кетейік, инвестиция тарту бизнес үшін де, қала экономикасы үшін де маңызды. Қосымша қаржы өндірісті жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын құру, жолдар мен тұрғын үй салу, көлікті дамыту, қалалық алаңдар мен көшелерді абаттандыру сияқты болашаққа өсуді кейінге қалдырмай, белсенді дамуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі көптеген мүмкіндіктерді ашып, өмір сүру сапасын жақсартады.

Сұхбат

PhotoRoom