Шымкент: Табиғатқа деген іңкәрлік бала кезден басталады

Аймақ
24.09.2020, 15:05

Балалар саябақтағы ағаш-бұталарға бірнеше ұяшықтар орнатты

Шымкент: Табиғатқа деген іңкәрлік бала кезден басталады

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген жанашырлықты жасөспірімдердің бойына ерте бастан сіңірудің маңызы зор. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында осы мақсатта тағылымды іс-шара өтті.

№ 65 «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиеленушілері «Құстарға қамқорлық» ретінде саябақтағы ағаш-бұталарға бірнеше ұяшықтар орнатты. Бір қызығы, онда ұяшықтың қандай құсқа арналғаны жазылған.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болған іс-шарада бүлдіршіндер табиғатқа және құстарға деген қамқорлығын көрсетті. Басқарма басшылығы табиғатты аялауға үлес қосқаны үшін №65 «Балбұлақ» балабақшасының ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы аясында саябақ аумағында ұйымдастырылған сенбілік іс шарасына басқарма қызметкерлері толықтай атсалысты.

Сұхбат

PhotoRoom