ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАНЫҢ БАСТЫ СУ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Рейтинг
25.06.2024, 17:18
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАНЫҢ БАСТЫ СУ АРТЕРИЯСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» акциясына Шымкент қаласының 154 мыңнан астам тұрғыны, сондай-ақ 6002 өндірістік және кәсіпкерлік нысандар мен 603 әлеуметтік мекеменің ұжымдары жұмылдырылды. Акция барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйелері, каналдар мен арықтар тазартылды. 6591 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын сырлау және жол жиектерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
 
Тазалаудан басқа, қалада 440 мыңнан астам ағашты актеу және 153 мыңнан астам ағашты санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді. 11657 ағаш көшеттері мен 789 көшет отырғызылды. Жыл басынан бері 40 мың шаршы метр аумаққа 1 миллионнан астам қызғалдақ отырғызылды.
 
Асар шағын ауданының тұрғындары көшелерді, аулаларды және екі демалыс аймағын тазалауға белсенді қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Башенов тұрғындардың Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын және акцияға сәуір айынан бастап белсенді қатысып, тазалау жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, халық арасында тазалық мәдениетін насихаттайтынын атап өтті. «Қала - біздің ортақ үйіміз. Оның абаттандырылуы мен көркеюі әр тұрғынға байланысты. Сондықтан Асарлықтар баршаны қоқыс тастамауға және тазалықты сақтауға шақырады», - деді ол.
 
Қаратау ауданында акцияға Нұрсат шағынауданының көп қабатты үйлерінің тұрғындары қатысты. Соңғы акциялардың біріне №37-49 үйлердің 400-ге жуық тұрғыны қатысты. Тұрғындар үйлердің аумағын қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, шөптерді орып, орындықтарды сырлады. Шағын аудан тұрғындарының негізгі бөлігі акцияға белсенді қатысқан балалар мен жасөспірімдер. Олар үшін акция - ересектерге көмектесу және достарымен, отбасымен бірге ашық ауада уақыт өткізу. Қатысушылар балаларды тазалау жұмыстарына тарту қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
 
«Тазалық – денсаулық кепілі» - бұл ұранды акцияға қатысып отырған Әл-Фараби ауданының тұрғындары да қолдап отыр. Шараға ардагерлер мен белсенді жастарды қосқанда 200-ден астам адам қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы «Таза Қазақстан» акциясы уақытша акция емес, тұрақты тазалық шарасы екендігін, осыған байланысты әрбір қала тұрғыны тазалық мәдениетін сақтап, аулаларды ретке келтіруді өзінен бастау керектігін баса айтты.
 
Еңбекші ауданында акцияға қатысушылар «Шымкент» каналының аумағында тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияға тұрғындар да, «Жасыл ел» еңбек жасақтары да қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З. Жайшыбеков баршаға қатысқаны үшін өз алғысын айтып, аулаларымыздың тазалығы өзіміздің әрқайсымызға байланысты екендігін атап өтті. «Біз өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайды», - деді ол.
 
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Тұран ауданының тұрғындары мен «Жасыл ел» жастар жасақтары қала тұрғындарының танымал демалыс орны болып табылатын Қошқар ата өзенінің жағасын тазарту бойынша санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өзен аумағын қоқыс пен өсімдіктерден тазартты, шомылу ережелері мен өзен бойындағы жарықтандыруды жүйелерін жаңартты. Олар қаланың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғын оны қолдауға белсенді қатысуы керек екенін атап өтті

Сұхбат

PhotoRoom