Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауында ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мемлекетіміздің басты басымдығы саналатынын айрықша атап өткен еді. Отандық денсаулық сақтау жүйесінің алдында үлкен міндеттер жүктелгенді. Ол ең әуелі жүкті әйелдер мен сәбилерге медициналық көмектің қолжетімді болйын әрі сапасын арттыру. Соынмен қатар, ана мен бала өлімінің көрсеткішін төмендету, балалардың мүгедектігін ерте анықтау және алдын алу жөнінде маңызды міндеттер қойылған болатын. Үшінші шаһардың денсаулық сақтау саласы аталған бағыт бойынша бірақатар жұмысты сәтті жүзеге асырып, алғашқы нәтижеге де қол жеткізуде.
Шымкент қаласы бойынша соңғы үш жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеген. Нәресте өлімі 19,3% , ал ана өлімі 80,4 % кеміген. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен БАҚ өкілдеріне арналған брифингте айтылды.
Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева аталмыш жағдайды былай деп түсіндірді:
- Соңғы жылдары қаламыздағы босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен ақ халаттылардың шет елдерде оқып, тәжірибе алмасуы өз жемісін беруде. Президент тапсырмасына сәйкес перзентханалардың жағдайы жақсарып, болашақ аналар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған деп айта аламын. Сондай-ақ, балаларды күту қызметінің 425 маманы республикалық орталықтар мен жоғары оқу орындары профессорларының және шетелдік клиникалардың қатысуымен біліктілігін шыңдаса, 25 маман Израиль мен Түркия елдеріндегі үздік клиника базасында білім алып, тәжірибесін шыңдап жүр.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес соңғы үш жылда балалар ауруханасының құрал-жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 75-тен 94 пайызға өскен. Барлық педиатриялық көмек бір орталыққа біріктіріліп, мамандар жұмылдырылған. Қабылдау бөліміне тәулігіне 450-500 бала медициналық көмекке жүгінеді. Күніне 450-495 науқас стационарлық көмек алады. Сондай-ақ, қалалық балалар ауруханасында тәулігіне 27-30 ота жасалды екен.
Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласында18 жасқа дейінгі тұрғындар саны – 470 мыңға жуық. Қалалық балалар клиникалық ауруханасы оларға жоспарлы және жедел медициналық көмек көрсететін жалғыз медицина мекемесі болып табылады. Медицина мекемесінде тәуліктік жарақат бекеті мен 20 төсек-орынға арналған күндізгі стационар да жұмыс істейді.