Карантинге қарамастан ең көп той-томалақ өткізген 6 өңір анықталды

Рейтинг
28.09.2020, 11:09

5 шілдеден бастап мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген

Карантинге қарамастан ең көп той-томалақ өткізген 6 өңір анықталды
Фото: inform.kz

Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады. ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап берген министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізу бойынша 1110 құқық бұзушылық тіркелгенін хабарлайды.

«Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», - деп жауап берді министрліктен.

Сұхбат

PhotoRoom