Шымкентте «Халық заңгері» акциясы  28 маусымда өтеді

Рейтинг
26.06.2024, 20:29
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы  28 маусымда өтеді

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 28 маусымы күні Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.
Акция Шымкент қаласында Арбат аймағында (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 17.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

Сұхбат

PhotoRoom