ТУРИЗМ – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Рейтинг
01.07.2024, 10:44
ТУРИЗМ – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Шымкент агломерациясының тиімді экономикалық дамуының маңызды шарттарының бірі – дұрыс инвестициялық саясаты болып табылады. Туристік саладағы инвестицияның мәні мен маңызы - бұл жаңа туристік нысандарды құру, қолданыстағы нысандарды жаңарту және капиталды ұлғайту мақсатында оларды пайдалануды арттыру үшін ұзақ мерзімді инвесторларды тарту.
Шымкент қаласының экономикалық әлеуетін дамытуға және сәйкесінше туристік салаға инвестициялар тартудың негізгі тәсілі қонақ үй желілерін дамыту болып табылады. Заманауи қонақ үй кешендері мен қонақ үйлердің құрылысы қаланы тартымды етеді және экономикаға инвестиция тартуға да, туризмді дамытуға да қосымша серпін береді.Осы ретте шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық қонақ үй желісінің үшінші шаһардағы капсула салу рәсіміне қатысты.
«Hilton Worldwide Holdings Inc.» - бұл қонақүйлердің, курорттардың және таймшеринг нысандарының кең портфолиосын басқаратын және оларды Франчайзинг арқылы ұсынатын американдық көпұлтты қонақ үй компаниясы. 
       Мемлекет басшысы жуырда өткен туризмді тамыту жөніндегі кеңесте  ең алдымен, туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін атап өткен болатын.  Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан туризмін насихаттау үшін заманауи құралдарды белсенді қолдану қажеттігін де тілге тиек етті.
          Бес жұлдызды қонақ үй 2026 жылы «Шымкент сити» шағын ауданында ашылады деп жоспарлануда. Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-залдар бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 
         Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауға қолдау білдірді. Қала әкімі туризм саласында әлемге танымал брендтің біздің қаламызда да болуы үлкен жетістік екенін жеткізді.
Туристік объектілерді салу және пайдалану туризм саласын дамытып қана қоймайды, сонымент қатар өнеркәсіп және әлеуметтік объектілерді инвестициялау мүмкіндігімен мегаполиске іскерлік серіктестерді тартуға ықпал ететін болады.

Сұхбат

PhotoRoom