Лицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларына кепілдік өтемді қайтаруды бастады

Жаңалықтар
30.09.2020, 18:23

Банк салымшыларына 8 сағат ішінде 4,8 млрд теңге төленді

Лицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларына кепілдік өтемді қайтаруды бастады
фото: kapital.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Еуразиялық банк» арқылы Tengri Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеуді бастады.

17:00-дегі жағдай бойынша, агент банк Қор атынан және есебінен азаматтарға шамамен 4,8 млрд теңге төледі. Бұл Tengri Bank салымшыларының алдында кепілдік берілген өтем сомасы бойынша міндеттемелердің жалпы көлемінің 27%-ын құрайды.

Еске саламыз, кепілдік берілген өтемді алу үшін Tengri Bank салымшылары «Еуразиялық банктің» кез келген филиалы немесе бөлімшесіне барып, төлем алуға өтініш толтырулары қажет. Салымшылар өтеу сомасын «Еуразиялық банк» АҚ сайтында (eubank.kz/tb/) онлайн тексере алады.

«Еуразиялық банк» бөлімшелері Tengri Bank салымшыларына таяудағы демалыс күндері – 3-4 қазанда қосымша қызмет көрсетеді.

18 қыркүйекте Tengri Bank АҚ-ның лицензиясынан айырылғаны хабарланды.

Тегтер:
Tengri Bank

Сұхбат

PhotoRoom