Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

Аймақ
30.09.2020, 10:11

Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен  сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту  жайын талқылады

Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен  сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту  жайын талқылады деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Екі елдің арасында сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан қала басшысы Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды.

Мұрат Әйтенов миллионнан астам халқы бар қаланың дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтты.  Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құятын 5 ел болса, соның бірі Оңтүстік Корея болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әкім кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.

Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту деді.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom